"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Тастыөзек ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное Государственное учреждение "Основная средняя школа села Тастыозек отдела образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 5 ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАСЫ

13.03.2018

ҚР

ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 5 ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАСЫ

 

Қазақстан Республикасы Президентінің Парламент

Палаталарының бірлескен отырысында бес әлеуметтік бастаманы жариялады. Бұл

тұрғын үй сатып алуға, қазақстандықтарға салықтық жүктемені төмендетуге,

микрокредитті кеңейтуге, елді газдандыруына, сондай-ақ жоғары білімнің

қолжетімділігі мен сапасын арттыруға арналған жаңа мүмкіндіктер. Мемлекет

басшысы соңғысын іске асыру үшін бөлінген гранттар санын көбейту қажет деп атап

өтті.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ:  - Қазір жыл

сайын бөлінетін 54 мың грантқа қосымша 2018-19 оқу жылында тағы 20 мың грант

бөлу керек. Оның 11 мыңы жаңа экономикаға қажетті техникалық мамандықтар

бойынша бакалаврлық білім беруге тиесілі болады. Яғни, біз жүзеге асырып

отырған индустриялық бағдарламаның жаңа экономикасына сұраныс болады. Елбасының

айтуынша, бұл бастама «төртінші индустриалды ревалюция» жағдайында жаңа

экономикада сұранысқа ие мыңдаған мамандарды дайындауға мүмкіндік бермек.

НҰРСҰЛТАН

НАЗАРБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ:  - Біз ең алдымен инженерлер, ақпараттық

технологиялар, робототехника және нанотехнология саласындағы мамандарды көптеп

даярламақпыз. Техникалық және ауылшаруашылық мамандықтары бойынша да барлық

ЖОО-дарының, ұлттық университеттердің грантын көбейту керек.  Бұл шаралар

ортақ әлемдік үрдіс болып табылатын жалпы білім беру мектептерінің жоғары оқу

орындарының түлектерін қабылдауды арттыруға мүмкіндік береді. Бұл адами

капиталды арттырады. Елбасы көтерген төртінші бастама елдегі шағын кредиттердің

санын шамамен 20 млрд теңгеге арттыру. Нәтижесінде жалпы соммасы 62 млрд

теңгені құрайды. Ал несие алып, бизнес бастайтын іскер азаматтардың саны

былтырғыдан екі есеге көбейеді. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ:  - Биыл қазақстандықтарға

берілетін шағын несиені былтырғымен салыстырғанда 20 миллиард теңгеге көбейтуді

тапсырамын. Сонда оның жалпы сомасы жылына 62 миллиард теңге болады.

Нәтижесінде несие алып, ісін бастайтын азаматтардың саны былтырғыдан 2 есеге

артып, 14 мыңға жетеді. Бұл бастаманың маңызы - мыңдаған адамға өз бизнесін

ашуға мүмкіндік береді. Айта кету керек, бастама ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті

дамыту үшін маңызды. Елбасының кезекті бастамасы – елдің басым бөлігін газбен

қамтамасыз ету. Айта кету керек, бүгінде аймақтарды газдандыру деңгейі 50

пайызды құрайды. Газ еліміздің 9 аймағында орналасқан. Ал Теміртау арқылы

Батыстың солтүстігінен Астанаға өтетін магистралды газ құбырын салудан кейін

бұл көрсеткіш айтарлықтай артады. Сәйкесінше тұрғындар қолжетімді отынға ие

болады, өңірлердің экологиялық жағдайы жақсара түседі.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ:  - Біз Қызылорда облысындағы

Қараөзекті, Жезқазған, Қарағанды, Теміртау, Астана бағыты бойынша магистральді

газ құбырын салуымыз керек. Бұл 2 миллион 700 мың адамды газбен қамтамасыз

етумен қатар, Арқаның экологиялық жағдайына зор ықпал етеді. Астананың өзінде

зиянды қалдықтардың ауаға таралуы 6 есеге немесе жылына 35 мың тоннаға

азаяды.   

Мемлекет басшысы бұл бес бастаманың жүзеге асуы

Қазақстан экономикасының одан әрі өсуіне ықпал ететінін атап өтті.

 

 

Просмотров: 512


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст